Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт

Оқушылар мен ата-аналар мектеп ұстаздарына арнап мерекелік бағдарлама ұсынды.

Оқушылар мұғалімдерді құттықтап жатыр

5 қазанда мектептің акт залында Ұстаздар күніне арналған концерт өтті. Оқушылар ән айтып, би билеп, ұстаздарына алғыс сөздерін жолдады.

Ардагер ұстаздар мектеп атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бөлімге оралу: Жаңалықтар