Кітапхана апталығы: оқырмандар байқауы
Мектеп кітапханасында «Кітап — білім бұлағы» апталығы басталды.

Апта барысында оқушылар таңдаулы кітап туралы пікір жазып, әдеби викториналарға қатысады. Ең белсенді оқырмандар апта соңында марапатталады.
Кітапхана жаңа түскен оқулықтар мен көркем әдебиетпен толықты.
